RSS

Өмірім 180 градусқа өзгерді

Менің соңғы бір жарым жылда өмірім 180 градусқа өзгерді. Өйткен мен 2008 жылы медицина колледжінің акушерка мамандығы бойәынша білім алып шыққанмын. өз ауданымда нақтырақ айтсам Көксу адуаныында әйелдер кеңесінде акушерка болып еңбек еттім. Ал түнде үйдің жанындағы перзентханаға әйел тудыруға барып жүрдім. Бір жыл істеп жазғы демалысқа шықтым. Қарап жатқанды жаным сүймейді, енді 42 күн демалыста не істеймін деп теледидар көріп ойланып жатқанмын.

Өмірі көрмейтін “Жетісу” телеарнасына ауыстырып не болып жатыр екен деп тыңдасам, кастинг жарияланып жатыр екен. Онда біз жастарды әріптестікке шақырамыз, жастарына қарамаймыз, дипломда басты емес, тек жаза білуге қабілеттеріңіз олса болғаны деп айтып жатыр. Мен бірден жұмыс телефонын жазып алдым да хабарластым. Дәурен есімді ағай келіңіз көреміз деді. Қуанығанымнан Ауданға жақын маңда орналасқан Талдқорғанға жетіп бардым. Мені жазып алды да сабақ басталды қатысыңыз деді, келсем 200-ге жуық жастар жиналыпты. Бәрімізге өздерің ұнатқан тақырыпқа мәтін жазыңдар көреміз деп сол күні шығарып салды. Ал мен үйге келіп түнімен өзімнің салам денсаулық жайында 8 бет мақала жаздым. Ертесіне сабаққа келіп тексерігізіп едім. Осы тақырыбыңмен бір күннен кейін тікелей эфирге шығасыз ба деп сұрады. Мен ия шығып көрейін дедім. Қасыма әріптес қосты. Осылай “Таңжарық” деген таңғы сағат 7 00 тікелей эфирде жүретін бағдарламаға жүргізуші болып кеттім. 200 адамның ішінен мен және менің әріптесім өтті. Әрине бұрыннан жүргізіп жүрген жастар да болды. олармен кезектесіп шығып жүрдік. Мен 4 айдай екі жүмыс атқардым. оның біреуі денсаулық саласы, ал екіншісі шығармашылық сала. 2010 қаңтар айынан бастап штатқа жұмысқа алды. Мен қуандым, бірінші жұмысымнан шықтым. Қазқіргі таңда мен “Жетісу” телеарнасының қазақ редакция бөлімінде редактор қызметін атқарып жүрмін. Осылайша менің өмірім денсаулық саласынан, шығармашылық салаға ауысып, 180 градусқа өзгерді.

 
5 Comments

Жариялаған: on Маусым 8, 2011 | Жаңалықтар

 

Ұялмай сөйлеп орысша үйрендім

Қалаға келіп, сабақтан қайтып бара жатып, автобусқа міндім. оның ақша жинап отыратын адамы (контрольлер ) орыс екен. мен түсетін аялдамама жақындап қалдым, осы жерден тоқтаңыз мен түсіп қалайын деп айтуым керек. Не дерімді білмей сасқанымнан остновитесь я здесь упаду дедім. Ана орыс  кісі маған бір түрлі қарап,  жымиып күліп есікті ашып, шығарып салды.  Read the rest of this entry »

 
2 Comments

Жариялаған: on Мамыр 31, 2011 | Uncategorized

 

О жастық

Сезімнің асқарына қияладым.

Кеудеме табиғаттан күй аламын.

Жастығым жұлдыз  болып, тұрса жанып,

Арманның селін қалай тия аламын. Read the rest of this entry »

 
3 Comments

Жариялаған: on Мамыр 28, 2011 | Махаббат

 

“Мінбер” ұжымына мың алғыс

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұжымы жастармен толған.  Бұл орталықта  санаулы ғана адамдар жұмыс істейді. Олар мені өздерінің 27-28 мамыр күні өткен семинар-тренингіне шақырды. Мен Алматы облысытық “Жетісу” телеарнасының ақпараттар бөлімінен шақырумен келдім. Менің бұл үлкен қалада өткен алғашқы семинарым.

Read the rest of this entry »

 
2 Comments

Жариялаған: on Мамыр 27, 2011 | Жаңалықтар

 
 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.